Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері 20 минут ішінде жоғалған 3 жасар қызды іздеп тапты

5 маусым күні сағат 09:40 шамасында Петропавл тұрғыны үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласты. Әйел сәбиді қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, өзі дәрігердің қабылдауына кіріп кеткен, осы уақытта қыз бала белгісіз бағытта кетіп қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыртқы полиция қызметі дереу жоғалған баланы іздеуге бағытталды, келесі 20 минут ішінде учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, патрульдік полиция батальоны мен өзге бөлімшелердің қызметкерлері іздестіру шараларымен айналысты.

Сәттілік 363 автомобиль патрульінің экипажына ілікті. Азамат Темірханов пен Бақтияр Дощанов айналадағы аулалардың біріне кіріп, кіреберістің ашық терезесінен балалардың жылағанын естіп қалды. Төртінші қабаттан олар кішкентай жоғалған баланы тапты. Әже немересіне берген телефонға қоңырау шалуды тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары қоңырауға жауап беріп, іздеудің сәтті аяқталғанын хабарлады. Полицейлердің қолында нәресте тынышталып, көп ұзамай әжесіне тапсырылды. Оқиға орнына келген Петропавл қаласы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Жақсылық Байбусинов қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

– Қала тұрғындары мен қонақтарынан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалып кетуінің әрбір фактісі төтенше жағдай ретінде бағаланады, олардың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шаралар кешені дереу қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, полицияға уақытылы жүгіну – жоғалған адамдардың қысқа мерзімде табылу ықтималдығын едәуір арттырады, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру