Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер студенттерге есірткі туралы дәріс өткізді

Жамбылдық полицейлер “Ұстаз” институтының студенттеріне есірткі туралы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері студенттер мен оқушылар арасында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында жасөспірімдер мен жастарда есірткіге қарсы тұрақты сананы қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.

Осындай кезекті кездесу М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Ұстаз” институтында өтті.

Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

Полицейлер мен студенттер нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаны, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы талқылады. Кездесуге қатысушылар ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен жіберілген есірткіге қарсы бейнероликтерді тамашалады.

– Жыл сайын қара нарықта агрессивті есірткінің жаңа түрлері пайда болады. Тәуелділікке негізінен жасөспірімдер мен жастар бейім, олар оқу, мансап және отбасының орнына өмірін психоактивті заттарды іздеумен және оның салдарымен күресумен өткізеді. Нашақорлықпен күресте немқұрайлылық болмау керек, өйткені бұл бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе және онымен бірге күресуіміз керек, – деді ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру