Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер тонау дерегін ашты

Жамбылдық полицейлер тонау дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Қордай аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына 37 жастағы әйел белгсіз ер адамның дәмхана есігінің әйнегін сындыру арқылы заңсыз кіріп, күш қолдану арқылы әшекей бұйымдарын, кассада тұрған 13 мың теңге мен 5 дана алкоголь және темекі өнімін алып кеткені туралы хабарлады. Жалпы келтірілген шығын құны 137 мың теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру