Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі қолданудан бас тартуға бағытталған іс-шаралар өткізуде

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі қолданудан бас тартуға бағытталған іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай атындағы гуманитарлық колледжінде нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында
“Есірткіге жол жоқ!” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараны Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, “Нығмет нұры” қоғамдық бірлестігі, облыстық психикалық денсаулық орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Полицейлер есірткіні қолданудың зияны, олардың адам ағзасына зиянды әсері, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтау және тарату үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы айтты.

Сондай-ақ колледж студенттеріне есірткіні және психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді.

– Нашақорлық ежелгі гректің narko деген сөзінен шыққан-ұйқышылдық, құмарту және мания — тартымдылық деген мағына береді. Нашақорлық – бұл адамның психикасы мен жүйке жүйесін бұзатын ауыр кесел. Есірткіге тәуелділік әрдайым дерлік ойын-сауық, көңіл көтеруден басталып, салдарынан адам көптеген проблемаларға тап болады. Сондықтан өскелең ұрпақты есірткіні пайдаланудан қорғауға арналған осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұру өте маңызды, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру