Жаңаөзенде есептегі сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған шара сотталғандарды рухани жігерлендіру, олардың тәртіп бұзушылықтарының алдын алу, қоғамға бейімдеу мақсатында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Қазіргі уақытта пробация есебінде 170-тен астам адам тұр. Пробация қызметкерлері есепте тұрғандарды күнделікті мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Әр түрлі шаралар өткізіп тұрады. Былтыр үстел теннисінен 4 жарыс өткен болатын.
Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің бастығы Сәрсенхан Малыбековтың айтуынша, қателік жасап сотты болған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында олар әр түрлі спорттық іс-шараларға тартылады. Мұндай шаралар жастар орталығының және қала әкімдігінің қолдауымен жиі өткізіледі.