Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті

Талдықорған полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шаралар облыс орталығының аумағында жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты ұйымдастырылып, 8 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл бағыттағы жұмыс «Крис-П» фоторадар кешендерінің, сондай-ақ квадрокоптер-дрондардың техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарды (қарсы қозғалыс жолағына шығу, тыйым салынған басып озу және т.б.) анықтауға бағытталған. «Крис-П» кешендері тек қала аумағынан тыс жерде (5-14 шақырым аралығында) пайдаланылатын болады.

Жұмыс барысында патрульдік полиция қызметкерлері арнайы техниканы қолдануымен жолдарды тазалау үшін жол-коммуналдық қызметінің мамандарын қосымша жұмылдырды.

Көлік ағыны көп көшелерге назар аударылады. Мәселен, «Талдықорған-Үштөбе» автожолы, онда соңғы бірнеше күнде өлімге әкеп соққан екі жол-көлік оқиғасы тіркелген (4 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды).

– Жүргізушілердің жылдамдық режимінен асып кетуі, сондай-ақ жол белгілері талаптарын сақтамауына байланысты жол-көлік оқиғаларына жол берілгені алдын ала анықталды, – деп атап өтті Талдықорған қаласы ПБ ЖПҚБ ППР командирі Руслан Примжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру