Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңақорған ауданында 270 жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды

Жаңақорған ауданында 270 жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр Жаңақорған ауданында 200 жуық рейдтік іс-шара өткізілді. Түнгі рейдтерге ювеналдық полицейлермен бірге білім, денсаулық сақтау органдарының өкілдері, криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері қатысады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында және үйден тыс жүргендері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша 270 кәмелетке толмағанның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін екі азаматқа шара көрілсе, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатқаны үшін екі дүкен иесі жауапқа тартылды. Осылайша, түрлі бұзушылықтардың жолы кесілді.

Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ербол Әлімбековтің сөзінше, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ювеналдық полиция инспекторларының басты міндеті. Аталған жұмыс белгілі бір машықтарды, бей-жай қарамауды және күнделікті жұмыс жүргізуді тек полицейлер мен педагогтар тарапынан ғана емес, сондай-ақ балалардың ата-аналарынан талап етеді.

Бүгінгі күні жеке профилактикалық шаралар қабылданған бес жасөспірім есепте тұр. Қазіргі уақытта баласының тәрбиесіне бей-жай қараған төрт ата-ана есепке алынған, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру