Жас жігіт спорт киімдері дүкенінен киім ұрлаған
Нұр-Сұлтан қаласында спорт киімдері дүкенінен киім ұрлаған жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Спорт киімі дүкенінің қызметкерлері сауда залынан жалпы сомасы 47 мың теңге тұратын ер адамның шалбары мен жейдесінің жоғалғанын байқаған.
Дүкен өкілдері ұрлық фактісі бойынша полицияға жүгінді.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жастағы жігітті ұстады, ол қылмыс жасағанын мойындап, одан айғақ заттар алынды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.