Жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны төмендеді
Тараз қаласының полиция қызметкерлері сегіз ай ішіндегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйекте ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Тараз қаласы әкімі орынбасарының төрағалығымен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, прокуратурамен және қалалық білім басқармасымен бірлесіп, коронавирус індетінен туындаған қашықтықтан оқыту жүйесін ескере отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңес өткізді.
– Сегіз айдың қорытындысы бойынша, қалада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар бойынша 26,7%-ға төмендеу тіркелді. Оның ішінде қылмыстың ауыр түрлері бойынша 58,3%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 48,9%-ға және ұсақ қылмыстар бойынша 100%-ға төмендеу тіркелген. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін биылғы жылы бір облыстық және екі республикалық акция өткізілді (11-15 наурыз аралығында «Қауіпсіз мектеп», 26 шілде мен 1 тамыз аралығында «Жұмыспен қамту» және 11-13 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар»). Бұдан басқа, есептік кезеңде рейдтік іс-шаралар барысында ІІО-ға түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1952 жасөспірім жеткізілді, 1806 заңды өкіл және өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық алдын алу іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға қоғамның жауапкершілігін арттыру және балаларды тәрбиелеу мен саналы ата-ана болуға байсалды көзқарас арқылы жұртшылыққа кеңінен жария ету арқылы жеткізілді, – деп хабарлады Тараз қаласы ПБ ЖПҚб ювеналды полиция тобының бастығы Әлішер Қалышев.
Кеңес барысында қатысушылардың назары ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге жауапкершілігін төмендетпеуге, жасөспірімдердің еңбекке жарамсыздығына, жалпы қылмыс деңгейіне тікелей әсер ететін қадағалаусыз және қаңғыбастық өмір салтына аударылды.
Балаларды тәрбиелеуде, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін арттыруда маңызды рөл атқаратын отбасына, ата-аналарға және қоршаған ортаға үлкен мән берілді.