Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған қамауға алынды

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық сотында жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бірнеше рет бұзған аудандық пробация есебіндегі А., есімді ер адамның ісі қаралды. Қарақшылық бабымен істі болған азамат аудандық пробация есебіне 2020 жылы тіркелді. Сотталғанды есепке алу барысында пробация қызметкерлері оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттері, ҚК-нің 44-бабына сәйкес және ҚР ҚАК-нің 63, 64, 66, 67, 68-баптарына сәйкес жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі толық түсіндірілген. Сонымен қатар жаза өтеу шартын қаскөйлікпен бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндіріліп қолхат алынады.

Алайда сотталған өзіне жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен қайталады. Аудандық пробация қызметінің ұсынымы негізінде Шиелі аудандық сотының 12.05.2021 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген үш жыл бес ай 26 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынды.

Сотталғандар тарапынан жаза өтеу тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында, сот процесіне карантин тәртібін сақтай отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған төрт ер адам қатыстырылды.

– Әрбір пробация қызметіні есебіне алынған адамға үнемі сот қаулысымен жүктелген міндеттері, жаза өтеу тәртібі мен шарттары және жауапкершілігі мен құқықтары толық түсіндерілуде. Соған қарамастан  жаза өтеу тәртібін бұзып жүрген сотталғандар аз емес. Жыл басынан пробация есебінде тұрып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған алты сотталған сот қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып,  қамаққа алынып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қ. Байгенжеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру