Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы мектеп оқушыларының ЖҚЕ білу деңгейін тексерді

Алматы қаласының аумағында 15-31 мамыр аралығында «Назар аударыңыз! Балалар!» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқан балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға, жүргізушілердің назарын жолдағы балаларға аударуға, жас жаяу жүргіншілерді жолда жүру ережелерін сақтауға үйретуге бағытталған.

– Осы іс-шара аясында біздің бөлімшенің қызметкерлері қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында сабақ өткізіп, балалардың жол қозғалысы ережелерін білуін тексерді. Инспекторлар мектептің кішкентай оқушыларына жаяу жүргіншілер өткелінде және бағдаршам болған кезде жолды қалай кесіп өту керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті, сонымен қатар, қоғамдық көлікте қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін айтты. Бұл жұмысқа жүргізушілер тартылды: оларға балалар жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы тақырыптық жадынамалар берді, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ мамандандырылған батальонының командирі Жәнібек Өскембаев.

Полицейлер «Назар аударыңыз! Балалар!» ЖААІШ мақсаты – жолдардағы қауіпсіздік, жолда жүру ережелерін сақтау және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру