Қызылорда облысының екі тұрғыны тыйым салынған аймақта балық аулаған
Қызылорда облысының екі тұрғыны тыйым салынған аймақта балық аулаған. 130 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің және облыстық “Арал-Сырдария” облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім қызметкерлерімен “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулаған 40 және 33 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды.
Атап айтқанда, олар Арал ауданы Арал теңізі жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы балық аулаған. Оқиға орнынан 130 келі балық, 3 ау құралы, қайык, ілмелі мотор айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.