Мемлекеттің дамуын тежейтін фактор – жемқорлық
Қарағандыда құқық қорғау орган өкілдері студенттермен кездесіп, жемқорлықтың қалай алдын алуға болады деген мәселені талдап көрді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас буынға ой салған үлкендер сыбайлас жемқорлық ешбір мемлекетті алға жетелемейтінін, керісінше, дамуын тежейтінін айтып бақты. Жемқорлықты жеңе алмаған елдің ешқашан дамымайтыны белгілі. Оның тамырына балта шабудың бірден бір жолы - жастарға дұрыс тәрбие беру, санасына сіңіру деп түсінеді ұйымдастырушылар.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар орталығында өткен жиында құқық қорғаушылар студенттермен сөйлесіп, сыбайлас жемқорлық деген не, ол үшін қандай жаза белгіленген, оның қалай алдын алуға болады деп әңгіме құрды.