Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

А. Асқарбаевтың жұбайы марапатталды

Алматы облысында қызметтік борышын өтіп жүріп қаза тапқан полиция қызметкерінің жұбайына арнайы марапат табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде қаза тапқан немесе жарақат алған әріптестерін еш уақытта ұмыт қалдырмайды.

Дәл осындай отбасылардың бірі – Асқарбаевтар отбасы. Отағасы полиция полковнигі Айдын Асқарбаев Алматы облысы Алакөл ауданының полиция бөлімін басқарған еді. 2016 жылдың желтоқсан айында Талдықорған-Үшарал автожолында қызметте жүріп жол апатына ұшырады. Алған жарақаты тым ауыр болып, оқиға орнында жан тапсырды.

Өз әріптестерінің және жеке құрамның арасында үлкен құрметке ие болған полицейдің артында екі ұлы қалды. Қазір олар заң ғылымдарын меңгеріп, білім алып жатыр. Марқұмның ізін басып қалған перзенттері болашақта қылмыспен аянбай күрес жүргізіп, әкелері бастаған қиын жолды жалғастырғысы келеді.


Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлері әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерінің шаңырақтарына бас сұғып шықты. Қаза тапқан батырлардың зайыбы мен ата-аналарына құрмет көрсетіп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Балалары кәдесый мен түрлі ойыншықтарға риза болды.

Айдын Асқарбаевтың жары “Үміт Ардагерлер кеңесі” мен Полиция департаментінің басшылығы ұсынған “Офицердің жары” медалімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру