Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық топтың жетекшісі қолға түсті

Ақмола облысының полицейлері әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келген қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына арыз 31 жастағы облыс орталығының тұрғынынан түсті.

Айтуы бойынша, 2 наурыз күні автокөлікке күштеп отырғызып алған бейтаныс үш жігіт қала сыртына алып шығып ұрып-соққан. Онымен қоймай, 500 000 теңге ақша бопсалаған. Жәбірленуші азамат күдіктілердің бірімен әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Сөйтіп өзара сату-сатып алу бойынша мәмілеге келіп, сол үшін кездескен.

Осы арызбен жұмыс істеген Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын сотталған боп шықты.

Қазір күдікті изоляторға қамауға алынып, аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес, яғни “Қорқытып алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер қылмыстық топтың құрамында болған өзге қатысушылардың орналасқан жерін анықтауға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру