Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Онлайн-несие рәсімдеген алаяқ

Қарағандыда белгісіз біреудің 56 жастағы азаматты алдап, атына 100 000 теңге онлайн-несие ресімдегені белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы ПБ темір жол полиция бөлімінің кезекші бөліміне 32 жастағы әйел арызданған. Алаяқтың құрбаны болған оның ағасы екен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің құжаттары мен банк картасының деректерін пайдаланып, интернет арқылы онлайн-несие ресімдеген.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға жеке ақпаратты телефон арқылы бөліспеуге, өзінің банк карталарының деректерін, кіру кодтарын хабарламауға кеңес береді. Егер алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тәртіп сақшылары “102” желісіне дереу қоңырау шалуды сұрайды. Дер кезінде жүгінген жағдайда алаяқтарды ізін суытпай іздеуге және ұстауға мүмкіндік көбейеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру