Жеңіл көліктің мас жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты
Ақтөбе облысында жеңіл көліктің мас жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымда Ваз-21010 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ақтөбе - Астрахань автожолымен жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Shacman жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.
Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі Алға қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ваз-21010 автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын "орташа дәрежеде" мас күйінде жүргізгені анықталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.