Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңілдікпен азық-түлік әперді

Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға көмек көрсетілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметі еріктілермен «Әліби» жеке кәсіпкерлігінің қолдауымен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, есептегі тұлғаларға жеңілдікпен азық-түлік алуға қол ұшын созды.

Аудан орталығындағы «Шаңырақ» дүкенінен 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алынған азық-түліктерді иемденген тұрмыс жағдайы төмен есепте тұратын азаматтар жомарт жандарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру