Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев Ұлы отан соғысының ардагеріне теңестірілген 93 жастағы отставкадағы милиция майоры Кашлакова Нина Витальевнаны Жеңіс күнімен құттықтап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері де 93 жастағы ардагердің йіне барды.

Тәртіп сақшылары ардагердің еңбектерін елеп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Нина Кашлаковаға алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттар табысталды. Оған қоса, офицерлер оның ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй шаруасына көмектесті.

Қонақтардың көрсеткен құрметіне риза болған ардагер шын жүректен алғысын білдірді.

– Мен зейнетке шыққаныма 30 жылдан асты. Сол аралықта бірде-бір мерекеде полицейлер мені назарсыз қалдырмады, әрдайым құттықтап, гүл шоқтарымен келеді. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін. Қиын қызметтеріңізде өздеріңізге қамқор болғайсыздар, – деді ардагер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру