Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеті лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Полицейлердің ұйғарымдарын орындамандары үшін Солтүстік Қазақстан облысында жеті лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тазалықты сақтау жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.

Қыс мезгілінде жолдарды, жақын маңды, шатырларды қардан және мұздан тазалау басты проблема болды. Осы мәселелерді шешу үшін тек Петропавлдың өзінде учаскелік инспекторлар 12 мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізді. Абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 372 адамға ескерту жасалды, ережені қайта бұзғаны үшін 29 айыппұл салынды. Күн жылынып, аулалардан қар кете бастады. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері халыққа және шағын бизнес өкілдеріне жақын маңды қоқыстан тазарту, сыртқы жақты ретке келтіру қажеттігі жайлы ескертті.

Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жөнінде әкімшілік полиция қызметкерлерімен жүргізілетін жұмыс өзектілігін жоғалтқан емес. Биыл қыста Петропавл және облыс жолдарында  230-дан астам тексеріс жүргізілді. Жолды қардан дұрыс тазаламау фактілері бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың басшылығына 250-ден астам ұйғарым жолданды. Оларды орындамағаны үшін жол ұйымдарының басшылары, коммуналдық қызмет өкілдеріне, яғни 7 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

Бүгінде жұмыстың басты бағыты су тасқынына дайындыққа көшу болып табылады”, – дейді СҚО ПД ӘПБ басшысы Жасұлан Оспанов. – Маңызды міндеттердің біріжолдарды тасқыннан қорғауға мүмкіндік беретін су өткізгіштерді тазарту бойынша жол қызметінің жұмысына бақылау жасау. Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында барлығы 1185 су өткізгіш орналасқан. Оның 792-і бүгінгі күнге дейін тазартылды”.

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерінің алдында СҚО аумағындағы жолдарға көктемгі кешенді тексеріс жұмыстары тұр. Жол жағдайы, жол инфрақұрылымының барлық элементтері тексеріледі. Тексеріс нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарына жол желісін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру