Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеті жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Алматы полициясы жеті жыл бойы сот жүйесінен жасырынған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2013 жылдың қаңтарында күдікті – Э.азамат, Алматы қаласында, «Құлагер» ықшамауданында орналасқан кафенің алдында, бұзақылық ниетпен, ішімдікке мас күйінде, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, А., Н. және Т.есімді азаматтарды себепсіз пышақпен жарақаттаған. Жәбірленушілердің бірі есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі ер адам көптеген жарақаттармен қалалық клиникалық ауруханаға түсті. Жетісу аудандық Полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеу мен соттан тығылып қалды. Э.азамат мемлекетаралық және халықаралық іздеуде болды, – деді Алматы қалалық Полиция департменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестермен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген қылмыскер Семей қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ары қарай ол Алматыға жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру