Жетісай пробация қызметкері Тараздан қашып келген сотталғанды құрықтады
Жетісай пробация қызметкері Тараз қаласынан қашып келіп, туысының үйінде жасырынып жүрген сотталғанды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тараз қалалық №2 пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған бір азаматқа іздеу жарияланған болатын. Ақберен есімді азамат Тараздық пробация қызметіне тіркеуге алынған күннен бастап оған сот жүктеген міндеттер түсіндірілді. Егер ескертуге құлақ аспай, сот жүктеген міндетті орындамаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына тартылатыны да ескертілген. Соған қарамастан, ол сот жүктеген міндетті қаскөйлікпен бірнеше рет бұзып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылды. Пробациялық бақылауға тіркелмей, көрсетілген мекенжайда болмай, қала аумағынын белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Полицйелердің жүргізген іздеу нәтижесінде Ақберен есімді азаматтың бой тасалаған мекенжайын анықтады. Ол Жетісай ауданына қарасты Асық ата кентінде туыстарының үйінде бой тасалап жүрген жерінен қолға түсті.
Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған Ақберен есімді азамат қасақан жалтарғаны үшін алғашқы іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, еш нәтиже болмағандықтан Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімінің ұсынысымен Тараз қаласы №2 сотының 8 шілде 2022 жылғы қаулысымен бұл азаматқа қатысты іздестіру жариялап, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолдану туралы ұсынысы қанағаттандырылған. Қаулыда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ның ЖД 158/1 мекемесіне жеткізілсін делінген.
Осы жоғарыда аталған қағида бойынша жедел-іздестіру барысында Ақберен есімді азаматтың жүрген жерін анықтап, Жетісай АПБ-ның қызметкерлеріне тапсырылды. Жетісай АПҚБ-ның аға инспекторы Оразбеков Бақытжан мен Кулжумуров Динмухамед бірлесіп, қылмыскерді қамауға алды.
– Бұл азамат пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болатын. Сондай-ақ, ол өзінің мекенжайының ауысқаны жайында ескерту жасамаған. Мұның бұл әрекеті заңға қайшы болып саналады. Ол Жетісай ауданына туыстарының үйіне қонаққа келген жағдай да біздің аудандық пробация қызметіне тіркеліп, осы ауданда болатын уақыт мерзімі мен тоқтаған мекен жайын көрсетуі керек. Ал кетер кезінде аудандық пробация бақылауынан хаттама алып кетуі шарт, – деді Жетісай АПҚБ-ның аға инспекторы Кулжумуров Динмуханмед.