Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғындарды 2 млн теңгеге алдап соққан әйел қолға түсті

Қызылордада тұрғындарды 2 млн теңгеге алдап соққан әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

27 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментіне 51 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны алаяқтық ісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматша несие алып беремін деп 550 мың тг көлемінде қомақты ақша алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында 48 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән -жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру