Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда 30-дан астам көлік айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында “Кибер-шериф”, дрон арқылы жол ережесін бұзушылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жолдарда орын алатын оқыс жайттардың, яғни жол-көлік оқиғаларына тосқауыл қою мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізіп жатыр. Мұндай соңы өкінішпен ұласатын жағдайлар көбінесе жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан болады.

Бейнебақылау камералары мен полицейлер тұрған жерде жол қозғалысы ережесін сақтайтын жүргізушілер, бақылау жоқ жерде жол ережесін өрескел бұзады. Салдарынан өзінің және өзгенің көлігіне, тіпті өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жол ережесін бұзатын жүргізушілерді анықтауда соңғы үлгідегі қызметтік құрал “Кибер-шериф” пен дрон құрылғысын пайдаланады.

– Дрон құрылғысы белгіленген радиуста ұшу арқылы басқа көліктерге қауіп келтірген, басып озған және маневр жасаған темір тұлпарларды анықтауға, фиксация жасауға көмектеседі. Ал “Кибер-шериф” көлігінің өзінде жеті камера орнатылған. Сол арқылы жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылады. Мәселен, осы бағыттағы рейд Жетісай ауданында жүзеге асырылды. Нәтижесінде “Кибер-шериф” арқылы 362 жайт, дрон арқылы 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Айыптұраққа 30-дан астам көлік қойылды. Бұдан өзге 752 хаттама толтырылды, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру