Жетісайда бірнеше көліктің құрылғыларын ұрлаған күдікті ұсталды
Жетісайда бірнеше көліктің құрылғыларын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның Audi автокөлігінен магнитоланы жымқырып, мүліктік зиян келтірген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру барысында жас жігіттің 12 ұрлық жайтына қатысы бары анықталды. Осы уақытқа дейін бірнеше көліктердің құрылғыларын тонап, сатып, пайда көрмекші болған ұрының жымысқы әрекеттері тәртіп сақшыларының тыңғылықты тексерісінің арқасында жүзеге аспады. Айғақты зат ретінде ұрланған құрылғыларды тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.