Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын білдірді

Ақмола тұрғыны көші-қон қызметініңполицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғыны өзінің туысына Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын рәсімдеуге көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Жақын шетелдердің бірінде әйелдің ағасы өмірлік жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болған. Ал тарихи Отанына оралғаннан кейін ер адам құжаттарды рәсімдеу кезінде көмекке мұқтаж болған.

Зеренді АПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері қалыптасқан жағдайды тез түсініп, барлық қажетті рәсімдерді дереу жүргізіп, жақын шетелге сұрау салулар жасады, әйелге ағасының Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын анықтау және оларға құжаттарды алу үшін қажетті құжаттар пакетін жинауды түсіндіріп, көмектесті.
Азамат осы мәселені реттеуде көрсеткен көмегі үшін полицейлерге алғысын білдіріп, полицейлерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бүгінде Ақмола көші-қон қызметі қатарында еліміздің көші-қон саясатының қауіпсіздігін 128 қызметкер қамтамасыз етеді, оның 97-сі офицерлер және 31-і мемлекеттік және азаматтық қызметшілер. Барлық қызметкерлер көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің алдында тұрған міндеттердің маңыздылығы мен қажеттілігі қызметкерлердің әрқайсысынан құзыреттілікті, кәсібилікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру