Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты

Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында ҚАЖД-ның №68 республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел бөлімі жазық даладан қару тапты. Мекеменің жедел бөлімі қызметкерлеріне қаладағы сол жағалау мөлтек ауданы, №8 үйдің артындағы жазық даладағы тал астында атыс қаруы жасырылған болуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен. Ақпарат бойынша қызметкерлер Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел тобымен оқиға орнына барды.

Анықталған дерек бойынша Қызылорда қаласы ПБ-ның жедел тергеу тобы шақыртылып қарулар мен оқтар алынды. Яғни, жедел ақпаратты тексеру барысында жоғарыда көрсетілген мекенжай аумағында аударылған талдың арасынан ақ матаға оралған ұңғысы кесілген № и-5180 нөмерлі, 16 калибрлі аңшы мылтығы және үш дана 16 калибрлі оқ анықталды. Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілген.

Бүгінгі таңда сараптама қорытындысымен атуға жарамды екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру