Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға тарта азамат жауапқа тартылды

Жетісайда көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға тарта азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасы негізінде республика көлемінде көші-қон саласындағы заңсыздықтарды анықтау, алдын алу бойынша Жетісай ауданында 2021 жылдың 05-12 шілде күндері аралығында «Заңсыз келуші 2021» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізінде аталған шараның басты мақсаты – аудан аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау.

Осы орайда Жетісай АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен тиісті рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 05-07 шілде күндері аралығында Жетісай ауданында ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзған жалпы 22 шетел азаматы және ҚР төрт азаматы анықталды. Қазіргі таңда 22-шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5-бөлігімен (Заңсыз жұмыс жасағаны үшін) іс-құжаттар жинақталып, Жетісай аудандық сотына жолдануда.Сонымен қатар, ҚР азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын белгіленген мерзім ішінде уақытша тіркеуге қоймағаны үшін» екі азамат, 519-баптың 1-бөлігімен «Шетел азаматтарын заңсыз жұмыс күшіне пайдаланғаны үшін» 2 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру