Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда өткен жылы қылмыс тіркелімі 16,5 пайызға төмендеген

Жетісайда өткен жылы қылмыс тіркелімі 16,5 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы бүгін Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков халыққа есеп беру кездесуінде айтып өтті. Тәртіп сақшыларының өткен жылдың 12 айында атқарған жұмыстарын қорытындылау іс-шарасы Жетісай аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында өтті. Оған ауылдық-округтік әкімдіктер, жергілікті тұрғындар мен ауыл ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Ауданның бас полицейі өз баяндамасында ауыр және аса ауыр қылмыстың тіркелуі 20,1%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстың тікелуі 93,8%-ға, тонау қылмысы – 16,7%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы – 6,9%-ға, мас халде жасалған қылмыс саны 17,0%-ға азайғанын айтты. Сондай-ақ ұрланған 4 жылқы, 14 сиыр, 67 ұсақ мал иелеріне кайтарылған.

Өткен жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ең негізгі 7 бағыт бойынша 1197 әкімшілік хаттама толтырылған. Ал жол-техникалық инспекция саласы бойынша 215 тексеріс жүргізіліп, 385 кемшілік анықталды, оларды жою туралы құзырлы мекемелерге 175 ұйғарым берілген.

Жетісай АПБ қызметкерлерімен жол саласындағы лауазымды тұлғаларға 20 әкімшілік хаттама толтырылған. Есеп беру жиыны соңында Ә.Сапарбеков жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Оған қоса полиция қызметкерлері халықтың құқығы мен мүдделерін қорғауда, қылмыстың алдын алуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдіріп, осы бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыратындығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру