Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда полицейлер 1,5 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған ұрыларды ұстады

Жетісайда полицейлер 1,5 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ криминалдық полицияның жедел уәкілдері мен учаскелік инспекторлар бірлесіп, бірнеше рет сотты болған мал ұрлығына қатысы бар ұрыны ұстады. Өткен жылдың мамыр айында ауылдық округтердің бірінде белгісіз адамдар бір күн ішінде жайылымнан екі бас жылқыны жымқырып кеткен. Жәбірленушілердің бірінен құны 500 мың теңге болатын жылқы ұрланса, екіншісінің иесі ұрланған жылқысын миллион теңгеге бағалаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері куәгерлер арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап шықты. Сондай-ақ бұрын мал ұрлығы үшін сотталған адамдардың арасында деректер бойынша күдіктілерді тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жетісай АПБ қызметкерлері мал ұрысының ізіне түсті. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты, оны жедел уәкілдер Шымкент қаласында ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдікті өз ісін толық мойындады. Белгілі болғандай, ол ұрлап алған жылқыларды “Опель Калибра” маркалы автокөлігіне ауыстырған. Бүгінгі күні күдіктінің 1,5 миллион теңгеден астам сомадағы мал ұрлығының үш жайтына қатысы бар екені анықталды. Ер адам қамауға алынды. Көлік заттай айғақ ретінде тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу кезінде жиналған материалдар айыптау актісімен бірге заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертеді. Сондай-ақ шаруашылық тұрақ жайды сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалауды ұмытпау керек. Үй малы жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру