Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған неміс тапаншасы табылды
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған неміс тапаншасы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кербұлақ ауданының полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау бойынша елді мекендерде "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шара барысында Жайнақ батыр ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстап, одан 8 мм калибрлі Rhoner Sportwaffen тапаншасын тәркіледі.
- Қазір осы факті бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген тапанша сараптамаға жіберілді, - дейді Кербұлақ АПБ.