Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған неміс тапаншасы табылды

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған неміс тапаншасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кербұлақ ауданының полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау бойынша елді мекендерде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шара  барысында Жайнақ батыр ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстап, одан 8 мм калибрлі Rhoner Sportwaffen тапаншасын тәркіледі.

– Қазір осы факті бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген тапанша сараптамаға жіберілді, – дейді Кербұлақ АПБ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру