Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер ұсталды

Алматыда қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңіл ақшаны ұнататындардың бірі Әуезов ауданындағы тұрғын алабында “жұмыс” істеген.

– ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 27 жастағы А.есімді азамат өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен құлаққабын иемденіп алған. Жәбірленуші шығын көлемін 400 мың теңгеге бағалаған. Күдікті жедел әдіспен анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Алматының Медеу ауданында тағы бір күдікті ұсталды. Сөз түнгі уақытта Зенков пен Пушкин көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан адамның телефонын ашық түрде ұрлап кеткен 20 жастағы И.есімді азамат жайында болып отыр.

– Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Оның қылмыстық әрекетінің сериялық сипаты белгілі болды: сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас бес дерек анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру