Жетісу облысында киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізілді
Жетісу облысында киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу және ескерту мақсатында облыстық криминалдық полиция қызметкерлері қаланың бірқатар колледждері мен орта мектептерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, жасау тәсілдері және олардың жолын кесу әдістері туралы дәрістерді өткізуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар тыңдаушыларға интернет-алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтылды.
- Дәрістерді өткізу кезінде нақты сайттарға сілтеме жасай отырып, буклеттер, брошюралар, басқа да көрнекі құралдар таратылды. Тұрақты профилактикалық жұмыс тұрғындарды сақтық шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ПД КПБ бастығының орынбасары Лариса Кан.
Бүгінгі таңда әрбір оқу орнында IT-технологиялар және киберқауіпсіздік факультеттері бар, себебі қазіргі әлемде IT саласындағы мамандықтар ең көп сұранысқа ие және перспективті болып саналады.
- Колледждердің басшылығына біз студенттер арасынан киберқылмыстың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсететін Еріктілер клубын құру жөнінде ұсыныс енгіздік. Жалпы күш-жігермен ғана біз азаматтардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыра аламыз, – деп толықтырды Лариса Кан.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Интернет кеңістігіндегі күмәнді қосымшаларға сенбеңіз. Шоттарыңыздағы ақша қаражаттарының түсімдері мен аударымдарын тексеріп отырыңыздар.