Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізілді

Жетісу облысында киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу және ескерту мақсатында облыстық криминалдық полиция қызметкерлері қаланың бірқатар колледждері мен орта мектептерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, жасау тәсілдері және олардың жолын кесу әдістері туралы дәрістерді өткізуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар тыңдаушыларға интернет-алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтылды.

– Дәрістерді өткізу кезінде нақты сайттарға сілтеме жасай отырып, буклеттер, брошюралар, басқа да көрнекі құралдар таратылды. Тұрақты профилактикалық жұмыс тұрғындарды сақтық шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ПД КПБ бастығының орынбасары Лариса Кан.

Бүгінгі таңда әрбір оқу орнында IT-технологиялар және киберқауіпсіздік факультеттері бар, себебі қазіргі әлемде IT саласындағы мамандықтар ең көп сұранысқа ие және перспективті болып саналады.

– Колледждердің басшылығына біз студенттер арасынан киберқылмыстың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсететін Еріктілер клубын құру жөнінде ұсыныс енгіздік. Жалпы күш-жігермен ғана біз азаматтардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыра аламыз, – деп толықтырды Лариса Кан.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Интернет кеңістігіндегі күмәнді қосымшаларға сенбеңіз. Шоттарыңыздағы ақша қаражаттарының түсімдері мен аударымдарын тексеріп отырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру