Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында көршісін несие алуға мәжбүрлеген азамат құрықталды

Жетісу облысында көршісін несие алуға мәжбүрлеген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек Қаратал ауданында тіркелді. Онда полицейлер Үштөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты жасалған тонау дерегі бойынша тергеп-тергеу жұмыстарын бастады. Жас жігіт өз көршісінің құрбаны болды. Оны көршісі қорқытып, онлайн несие алуға мәжбүр еткен, одан кейін ақшаның барлығын өзіне алып алған.

– Күдікті ретінде бұрын осындай құқық бұзушылық, яғни тонау үшін жауапқа тартылған 21 жастағы жігіт ұсталды. Несие сомасы шамамен 30 мың теңге. Ақшаның барлығын ол жұмсап үлгерген. Қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тонау дерегібойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қаратал ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Шаму.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру