Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция түнгі рейдтерді күшейтті

Жетісу облысында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түнгі рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі және түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Профилактикалық жұмыстар аясында мобильді топтар қоғамдық орындарды, аулаларды, демалыс аймақтарын және ойын-сауық орындары орналасқан аумақтарды патрульдеуде. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды.

1 қыркүйекте өткізілген рейд барысында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген 30 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстап, кешкі және түнгі уақытта олардың қайда жүргенін білу қажеттігін ескертеді.

Мұндай профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарды ықтимал қауіп-қатерден қорғау, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру