Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясынан қару-жарақ табылды

Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірге Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, 9 патронмен бірге STREAMER 1014 травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.


Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.

Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру