Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында 1400-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жетісу облысында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында 1400-ден астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 1400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, олардың жолын кесті. Ерекше назар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін заң бұзушылықтарға аударылуда.

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 248 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарудың 194 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, 114 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдаланған.

Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін және мотошлемдерді қолданбаудың 440 дерегі тіркелді.

— Жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың санын арттыру емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Жолдағы тәртіп, ережелерді сақтау және өзара құрмет — қауіпсіздіктің басты кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, — деп атап өтті Жетісу облысы полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру