Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтар анықталды

Жетісу облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтар анықталып, жауапкершілікке тартылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынумен байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі маңызды рөл атқарады. Орталық қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық орындардағы жағдайды бақылап, мас күйінде жүрген немесе қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды анықтайды.

Анықталған деректер бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберіліп, құқық бұзушыларға қатысты заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Сонымен қатар азаматтармен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мәселелері түсіндіріледі.

Полиция қоғамдық орындарда мас күйінде жүру қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, азаматтардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді.

Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру