Жетісу полицейлері аймақ студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді
Жетісу полицейлері аймақ студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері өткізді.
Студенттерге бос жұмыс орындары туралы толығырақ айтып, жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырып, қызметтің негізгі бағыттары мен құқықтық тәртіп сақшылары орындайтын негізгі міндеттер туралы түсіндірді. Әлеуетті кандидат сәйкес келуі тиіс негізгі талаптар тізімделген, сондай-ақ ІІО-да қызметтің артықшылықтары туралы айтылды.
– Студенттердің көпшілігі үшін бұл кездесу болашақ өмір жолына әсер етіп, мамандық таңдауда шешуші бола алады. Мамандық күн сайын қызықты және болжау мүмкін емес жұмыс іздейтіндер үшін тартымды. Бұл мамандық ақыл-ойдың өткірлігін, тез шешім қабылдауды, ұжымда жұмыс істей білуді және өзінің және басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін талап етеді. Сонымен қатар, полицияда жұмыс істеу адамдарға көмек көрсетуге және мемлекетке пайда әкелуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ПД ТжКЖ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Мұхамадиева.
Студенттермен әңгімелесу өте қызықты өтті. Жастар қазір полицейлерге қандай талаптар қойылғанына қызығушылық танытты: заңдарды білу үшін тестілеуден қалай өту керек, дене шынықтырудан өту кезінде қандай нормативтер бар.
Ұзақ және қызықты әңгіме барысында түлектер құқық қорғау қызметіне кіру шарттары туралы қажетті ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
– Полициядағы жұмысты тұрақты деп атауға болады, өйткені ол ұдайы даму мен өсуге мүмкіндік береді. Құқықтық тәртіп органдарының өкілдері лауазымдық міндеттерін сапалы орындағаны үшін өздерінің кәсіби атағын, мәртебесін және жалақысын арттыра алады, – деп түйіндеді А. Мұхамадиева.