Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 130-дан астам жасөспірім түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 

Түркістан облысында 130-дан астам жасөспірім түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша 20-30 қараша аралығында республика аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған шараға полициямен қатар “Жастар Рухы” жастар қанаты, “Аманат” партиясының өкілдері, еріктілер, полицияның қоғамдық көмекшілері мен басқа да мүдделі мекеме өкілдері жұмылдырылды.

Іс-шара барысында Түркістан облысы полицейлер 2500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 138 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 5 мекеменің иесіне кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Мәселен, Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторлары облыс орталығындағы мекеменің бірінде түнгі сағат 22.00-ден кейін жүрген 3 кәмелетке толмағанды анықтады. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 8 жасөспірімді анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру