Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы электрлі самокаттарды жүргізгенде ережелерді сақтауға шақырды

Жетісу облысының ПД ЖПҚБ бастығы электрлі самокаттарды жүргізгенде ережелерді сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полициясы халықтың назарын электр самокаттарды пайдалану ережедеріне аударды.

– Электр самокаттарды пайдаланатын азаматтар көлік құралдарының жүргізушілері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Электр самокаттар жеке көлік құралы ретінде танылады. Олардың кейбіреулері 25 км/сағ және одан да жоғары жылдамдықпен қозғалуы мүмкін, бұл қауіп-қатер төндіруі ықтимал, – деді РКҚ брифингінде Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов. 

Полицейлер самокаттардың алдыңғы, бүйірлік және артқы шағылыстырғыштармен, сондай-ақ фаралар мен артқы шамдармен, онымен қоса, жақын маңдағы адамдарға ескерту жасай алатын дыбыстық құрылғымен жабдықталуы керек деп түсіндірді. Патрульдік полиция қызметкерлері шлем және қол, білек, тізе және шынтақ буындарына арналған қорғаныс құралдарының қажеттілігін атап өтті. Белгілі болғандай, жүктер мен жолаушыларды да тасымалдауға тыйым салынған.

– Бұл ережелер сізге жәй және аса маңызды емес сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Өзіңіздің немқұрайлығыңыздан зардап шеккенше,басыңызға шлем киген абзал немесе жаяу жүргіншілердің өтпе жолына дейін жылдамдықты бәсеңдеткен дұрыс, – деп қосты Қайсар Мұхметов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру