Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда 17 жастағы мобилограф нашақорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер байқауының жеңімпазы атанды

Жетісу облысының полицейлері «Jetisy jastary» КММ-мен бірлесіп нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы бейнероликтер байқауын өткізуге бастамашы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқау жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай нашақорлыққа қарсы күрес айлығының аясында ұйымдастырылды. Байқау шарты бойынша, оған 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алды және олар салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар нашақорлықтың зияны туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында есірткіге қарсы бейнеролик түсіруі керек болды.

– Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылар ұсынған 15 жұмыстың ішіндегі 7 жұмысты іріктеп алды. Талдықорғандағы мектептердің бірін осы жылы тәмамдаған, 17 жастағы мобилограф Баян Жұмағұлдың бейнеклипі жеңімпаз атанды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жас мобилограф дипломмен марапатталды, сонымен қатар оған музыкалық аппаратура түріндегі естелік сыйлық тарту етілді. Қалған жүлдегерлерге де алғыс хаттар тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру