Жетісуда ауылдастарынан мал ұрлаған жас жігіт ұсталды
Жетісуда ауылдастарынан мал ұрлаған жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факт Алакөл ауданының Қабанбай ауылында тіркелді, онда полицейлер 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам 2022 жылдың шілдесінен қазанына дейін ауылдастарынан 7 мал ұрлады деп күдіктеліп жатыр. Ұсталған адам бұрын полицияның көзіне түспеген және иелері қараусыз қалдырған малды ұрлауға маманданған.
– Оның бір жылқыны, екі сиырды және алты қойды ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді. Соңғы бірнеше факт жабық үй-жайлардан, яғни сарайлар мен қошарлардан жасалған. Мал қылмыс орнында сойылып, ет төмен бағамен көрші елді мекендерде сатылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық сатып алушыларды да анықтауға мүмкіндік туды, – деді облыс ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов.
Өңірде мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыстар жанданды, оның барысында полицейлер шалғайдағы шаруа қожалықтарын, фермалар мен шалғайдағы учаскелерді тексеруге бастамашы болды.