Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астананың үш тұрғыны күндіз кондиционерді ұрлап кеткен

Астананың үш тұрғыны күндіз кондиционерді ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 31, 35 және 36 жастағы үш ер адамды анықтады.

Тергеу барысында олардың күндізгі сағат 14:00 шамасында Бейбітшілік көшесіндегі үйдің ауласында жүргенде кондиционерді байқағаны анықталды. Қылмыстық ниетпен олар рөлдерді өзара бөлісіп алған. Біреуі үйдің ауласындағы ойын алаңына барып, мән-жайды бақылап отырған. Осы кезде екі сыбайласы кондиционерге жақындап, оны гараждарға қарай сүйреп алып кеткен. Сосын үшеуі мыс пен радиаторды алу үшін кондиционерді асығыс бөлшектей бастаған.

Бөлшектерді алып шыққан ер адамдар, оларды металл қабылдау пунктіне тапсырған. Келтірілген материалдық шығын 525 мың теңгеден асады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысушылардың барлығы қамауға алынды. Олар кінәсін толық мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру