Жезқазғанда ломбард қызметкерлері 25 млн теңгені қолды қылған
Жезқазғанда ломбард қызметкерлері 25 млн теңгені қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.11 қаңтар күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына қаладағы ломбардтардың бірінің иесі арызданып, кезекті ревизия жасау кезінде қомақты ақшамен алтын бұйымдардың жетіспеушілігін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 25 млн 850 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында аталған іске қатысты күдіктілерді анықтады. Олар 29 бен 30 жас аралығындағы екі бағалушы экспертпен аудитор және 33 жастағы азаматшамен 35 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Күдіктілер ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.