Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жиһаз жасап беремін»: көкшетаулық алаяққа алданып, 1 млн теңгесінен айырылды

Көкшетаулық тұрғын алаяққа алданып, 1 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 43 жастағы тұрғынының 2021 жылғы шілдеде Зеренді ауылының 27 жастағы тұрғынының 970 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алдау жолымен иемденгені туралы өтініші келіп түсті.

Жәбірленуші әлеуметтік желіде шкаф жиһазын жасау туралы хабарландыру тауып, тапсырыс беріп, алдын-ала төлем жасағаны белгілі болды. Алайда белгіленген мерзімде жиһаз да, ақша да алмаған өтініш беруші полицияға жүгінді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру