Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен шымкенттік ұсталды

Түркістан облысында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрамдық жас жігіт ПБ-ға көлігін белгісіз біреу айдап кеткені бойынша шағым түсірді. Оның айтуынша, түнгі уақытта тұрғын үйінің алдына қойған ВАЗ 21063 маркалы автокөлігі белгісіз жағдайда із-түссіз жоқ болып кеткен. Ақпарат алысымен полицейлер тез арада оқиға орнына жетіп, өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстау мақсатында жедел әрекетке көшті.

Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен қырағылығының нәтижесінде оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықтан көлік пен оны айдап бара жатқан күдікті анықталып, ұсталды. Көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғын полицияға жеткізілді. Күдікті жас жігіт Сайрам ауданында жұмыс бабымен жүрген Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, мас халде жаяу келе жатқан күдікті, барар жеріне тезірек жету үшін қараусыз тұрған көлікті байқап, ешкім көріп тұрмағанын пайдаланып, мініп кеткен. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру