Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған 16 жастағы қыз Шымкент қаласынан табылды

Түркістан облысында үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыз Шымкент қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданып, 16 жастағы қызының сағат күндізгі 11:30 шамасында дүкенге шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын, таппай жатқандығын хабарлап, арызданған. Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері қызды табу үшін арнайы күшті жұмылдырды.

Із-түзсіз жоғалған қызды тез арада табу мақсатында полицейлер такси жүргізушілерінен, жалпы көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық шараларды іске асырды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер қыздың Шымкент қаласындағы сауда орталықтарының бірінің жанында көше бойында жүргенін анықтап, аман-есен тауып, бөлімшеге алып келеді.

Қуаныштан көзіне жас алған анасы қызының дін-аман табылғанына қуанып, қырағылық танытқан, полицейлерге ерекше алғысын жеткізе отырып, – Қызымның жоғалғанын айтып, шағымданғанымнан бастап, полицейлер күні-түні іздестіру жұмыстарын жүргізді. Содан келесі күні қызымды тауып әкелді.Үлкен рахмет!, – деп аналық жүрегімен  ризашылығын білдірді.

Тергеу барысында белгілі болғандай жасөспірім қыздың бұлай үйінен кетіп қалуына отбасында орын алған кішігірім түсінбеушілік себеп болған.

Өз кезегінде Түлкібас ауданының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, бақылауда ұстау керектігін айтады. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезең уақытын бастарынан кешіретіндіктерін ескере отырып, олардың пікірлерімен санасып, дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру